Категория: Тақырыбы жоқ

Бекжан Рымжановпен интервью...

Қайырлы күн оқырмандар.

Менде бүгін әрдайым өз жазбасың осылай бастайтың Бекжан Рымжановқа ұқсатып жаздым ))

Мен осы кісіні қазнетті дамытып жүрген азамат және патриот болып, қазақша сайт ашуды үйретіп жүрген адам деп білемін. Сіздерде бұл кісіні танитын боларсыздар? Егер танымасаңыздар, онда Sayt-Ashu.Blogspot.Com блогына кіріп көріңдер. Осы кісінің көп сайттар және блогтарының арасынан біреуі. Осы блогта ғана аты жазылған. Қалған блок сайттарында өзі туралы мүлдем ақпарат қалдырмайды.

Осы өз блогының өзінде Бекжан деп шын айтын мойындады. Бірақ, Рымжанов деген ойлап табылған тегі екенің өзі айтқан. «Алғашқы жазба» жазбасында егер білсеңіздер. Міне, осы кісіден біраз нәрсенің жауабың алуға тырыстым. Ендеше көреміз:

 


 

Мен: Ассалаумағалейкум, Бекжан Рымжанов!

Бекжан: Уағалейкумассалам, кім болдыңыз?

Мен: Мен, сіздің сайтыңыздағы 4000-нан астам жазылушының бірімін. Сіздің блогыңыз арқылы өз блогымды аштым және қазір оны дамыту үстіндемін.

Бекжан: Рахмет.

Мен: Неге маған рахмет айттыңыз?

Бекжан: Өз еңбегімнің зая кетпегенің бірте-бірте түсініп жатырмын. Қазнетте тағы бір қазақша сайт ашылды! ))

 

Мен: Дұрыс. Ендеше мен сізден бір нәрсе сұрайын? Қазнет қазіргі таңда қалай дамып келе жатыр?

Бекжан: Мен сізге ендеше айтайын. Рунет (Ресей Интернеті) қазіргі таңда қасқыр деп айтатын едім. Ал Американнет (яғни Америка Интернеті) қазіргі таңда Арыстан. Енді Қазнетке келетін болсақ, Қазнетті мен Шибөріге теңейтін едім. Орысша айтатын болсақ «Шакал». Жақында, Алла қаласа осы жаман сөзден құтыламыз деп ойлаймын. Бірақ, біле білсеңіздер, Қазнеттен де жаман нәрселер бар. Мысалы: Узнет (Өзбекістан Интернеті) оны мен Коянға теңеймін. Біз, ең болмағанда қоянды жей аламыз. Ал қасқыр мен арыстан келсе, тыныш қана отырып қаламыз. Сол үшін бізден де жаман елдер бар деп астымызға қарамай. Үстімізге қарайық. Неге біз арыстан емеспіз? Неге біз қасқыр емеспіз? Неге ең болмағанда түлкі емеспіз (Унет-Украйна Интернеті)? Дамыйық. Көркейтейік Қазақстан Интернетін.

 

Мен: Рахмет. Ойыңызға қанық болдым.

Бекжан: Арзымайды.

 

Мен: Сау болыңыз!

Бекжан: Сау болыңыз! Аман болыңыз, себебі Қазнетті дамытатын қазақтар керек ))

 

Қазақтар, өздеріңіз көрдіңіздер. Осыншама, жанып тұрған Бекжан Рымжанов бар кезде, дамытайық Қазнетті.

 

 

 

Обсудить у себя 0
Комментарии (0)
Чтобы комментировать надо зарегистрироваться или если вы уже регистрировались войти в свой аккаунт.
накрутка подписчиков в ютубе